«Сарыарқа» латвиялық қорғаушымен келісімшартты ұзартты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Сарыарқа» клубының қорғаушысы Эдгарс Сиксн келісімшартты ұзартты, - деп хабарлайды Olympic.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биылғы маусымда 27 жастағы лавтиялық хоккейші ЖХЛ-да 51 кездесу өткіщіп, 17 ұпай жинаған. Плей-офф кезеңіндегі 6 ойында нәтижелі пастарымен көзге түскен.
Айта кетелік, хоккейші қарағандылық клуб сапында 2015 жылдан бері өнер көрсетеді. Өткен маусымда Эдгарс команда капитаны міндетін атқарды.