Хоккей

«Сарыарқа» сапына даниялық хоккейші қосылды

«Сарыарқа» сапына даниялық хоккейші қосылды
news-banner7
mobile-news-top

Даниялық шабуылшы Мадс Эллер «Сарыарқамен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен маусымда 24 жастағы хоккейші «Редовре Майти Буллз» командасында ойнап, Дания чемпионатының 45 матчында 22 (10+12) ұпай жинады. Бұған дейін ол «Гентофте Старз», «Виндзор Спитфайрз», «Адирондак Тандер» және «Эдмонтон Ойл Кингз» сияқты клубтардың намысын қорғаған.

Айта кетерлік жайт, Мадс Эллер хоккейшілер отбасынан шыққан. Оның ағасы Ларс Эллер Ұлттық хоккей лигасындағы «Вашингтон Кэпиталз» сапында ойнайды, Стэнли кубогының иегері. Ойыншының әкесі Олаф Эллер Дания жастар құрамасын жаттықтырады.

«Сарыарқа» хоккей клубы екі ойыншыға ұсыныс жасады

«Сарыарқаның» жаңа бапкері белгілі болды

«Теміртаудың» бұрынғы ойыншысы «Сарыарқаға» ауысты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер