Велоспорт

«Астана» капитаны The Challenge of Stars виртуалды турниріне қатысады

«Астана» капитаны The Challenge of Stars виртуалды турниріне қатысады
news-banner7
mobile-news-top

23 және 24 мамырда «The Challenge of Stars» виртуалды веложарысы басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа ең мықты деген 16 велошабандоз қатысады. «Астана» командасынан даниялық шабандоз Якоба Фульсанг шақырту алды. Одан бөлек, Винченцо Нибали және Джулио Чикконе (Trek-Segafredo), Маттео Трентин (CCC), Матье ван дер Пул (Alpecin-Fenix), Паскаль Акерман (Bora-hansgrohe), Варран Баргиль (Arkea-Samsic), Рафал Майка (Bora-hansgrohe), Мадс Педерсен (Trek-Segafredo), Насэр Буанни (Arkea-Samsic), Фабио Якобсен (Deceuninck-Quick Step), Калеб Юэн (Lotto Soudal), Томас Де Гендт (Lotto Soudal) және Симон Гешке (CCC) қатарлы шабандоздар бақ сынайды.

Бұлардан өзге қатысушылардың есімдері жақын арада жарияланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер