Күрес

Жамиля Бақбергенова: Карантиннен кейін жаттығуға қашан кірісетініміз белгісіз

Жамиля Бақбергенова: Карантиннен кейін жаттығуға қашан кірісетініміз белгісіз
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай тоқтатылды. Карантин режимінде екі айға жуық уақыт жаттығудан тыс қалған спортшылар спорттық күнтізбе бойынша шараларды жалғастыруға асық. Десе де, үкімет бұхара шоғырланатын шараларды, соның ішінде, спорттық шараларды жалғастыруға әлі рұқсат бермеді.

Осыған байланысты әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасынның мүшесі Жамиля Бақбергенова Olympic.kz сайтына карантиннен кейінгі жоспарымен бөлісті.

«Бәріне белгілі, төтенше жағдайға байланысты барлық оқу-жаттығу жиындары мен спорт шаралары тоқтатылған болатын. Карантин режимі аяқталғанымен жиындарға тыйым алынбады. Сондықтан, жаттығуға қай кезден кірісетініміз белгісіз. Қазіргі жағдайға ұттық құрамадағы бапкерлердің арнайы жоспары бар деп ойлаймын. Нұр-Сұлтан қаласындағы оқу-жаттығу жиынын жалғастыруымыз да мүмкін», - дейді Жамиля Бақбергенова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер