ММА

Хабиб өзінің оқырмандарына Гэтжи туралы сұрақ қойды

Хабиб өзінің оқырмандарына Гэтжи туралы  сұрақ қойды
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов әлеуметтік желідегі оқырмандарынан Джастин Гэтжиға қарсы титулдық жекпе-жекті қай уақытта өткізген дұрыс болатынын сұрады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің бір сұрағым бар, Гэтжимен қашан төбелескен дұрыс болады деп ойлайсыздар? Қай айда?» - деді сұрады Хабиб Нурмагомедов өзінің «сторисінде».

Еске сала кетелік, кеше, 10 мамырда өткен UFC 249 турнирінде америкалық Джастин Гэтжи өзінің отандасы Тони Фергюсонды сенсациялық түрде жеңген болатын. Енді ол Хабиб Нурмагомедовпен төбелесуге тиіс

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер