Келесі жылы «Барселона» бюджетін қысқартпақ
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Барселона» келесі жылы бюджетін 250 миллион еуроға қысқартады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі As басылымына сілтеме жасап.
Былтыр клубтың бюджеті 1 миллиард 47 миллион еуро болған. Бұл соманың 65 пайызы, яғни, 680 миллионы жалақыға кеткен. Келесі жылы «Барселона» бюджетті 750 миллион еуроға қысқартып, оның 450 миллионын жалақыға жұмсамақ.
Басылым мәліметінше, енді клуб жалақыны қысқарту үшін ойыншылармен келіссөз жүргізеді. Сонымен қатар, клуб сапарларға кететін қаражатты да қысқартпақ.