Айдын Смағұлов: Карантиннен кейін жаттығу жиынына көп спортшы шақырылмайды

Айдын Смағұлов: Карантиннен кейін жаттығу жиынына көп спортшы шақырылмайды

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус қаупі бәсеңдесе, 2020 жылдың 11 мамырында еліміздегі төтенше жағдай режимінің алынып, карантин шаралары жеңілдетілетінін мәлімдеді.

Осы орайда, еліміздегі спортшылардың жаттығу жиындарын бастауына мүмкіндік туады. Карантин аяқталғаннан кейінгі жаттығу жиындары қалай өтеді? Спортшылардың денсаулығын кімдер қадағалайды? Қандай сақтық шаралары қолданылады? Бұл сұрақтарға дзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Айдын Смағұлов жауап берді.

- Карантин мерзімі аяқталаса, 21 мамырдан бастап Шымкентте оқу-жаттығу жиынын бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Алайда, жиын өткізу барысында үлкен өзгерістер болатыны анық. Мәселен, жаттығу жиынына көп спортшыларды шақырмаймыз. Негізінен, Олимпиада лицензиясына таласатын балуандарға басымдық береміз. Вирус жұқтырып алмау үшін барлық шараны қолданамыз.

Ұлттық құраманың дәрігері барлығын бақылауда ұстайды. Спортшылар жаттығу жиынына қатысу үшін жолға шыққанда дене қызуын өлщеп, жиынға келгенде міндетті түрде толық тексеруден өтеді. Команда міндетті түрде антисептик және өзге де гигиеналық құралдармен жабдықталады. Сондай-ақ, маска мәселесі де оң шешім табады. Денсаулығында кішкене ақау бар немесе тұмау жұқтырып, тамағын ауыртып алған спортшыларды толығымен айыққанша жиынға шақырмаймыз.

Тағы бір айта кетерлігі, жаттығу жиынын өткізу үшін тұрақты бір базаны таңдаймыз. Алдымен Шымкентте бас қосып, кейін АІВА базасында жалғастырамыз. COVID-19 індетінің алдын алу үшін барлық сақтық шараларын жасаймыз, - дейді бас бапкер.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или