ММА

«Арты өлімге әкеп соғады». Хабиб нені меңзеді

«Арты өлімге әкеп соғады». Хабиб нені меңзеді
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов барлығын коронавирус пандемияcына жеңіл көзбен қарамауға шақырды. Ресейлік спортшы қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хабиб Нурмагомедов өз отанының ауруханалары COVID-19 жұқтырған адамдарға толы екенін айтты. Дағыстанда дәрігерлер мен дәрі-дәрмектер жетіспейді.

«Осы қасиетті айда мен барлық дағыстандықтарға және мені білетіндердің бәріне үндеу тастағым келеді. Көбіміз бізді бұл індет айналып өтер деп сендік, бірақ жағдайдың ауырлығын әлі де сезініп отырған жоқпыз. Дәрігерлердің кеңестеріне құлақ аспаудың кесірі, адамдар жасаған дүрбелеңмен қатар, аурудың өршіп кетуіне әкеп соқты, жағдай ушығып тұр. Ауруханаларымызда емделушілер саны күрт артты және мамандар мен дәрі-дәрмектер жеткіліксіз.

Маған сеніңіздерші. Ауру өте қауіпті және біз оны қазірдің өзінде сезініп отырмыз. Үйде отыру арқылы біз, дәрігерлер мен ауруханаларға көмек көрсете аламыз. Жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз, оларды қажетсіз түрде үйден шығармаңыз, Аллаһ бәрімізді барлық аурулардан сақтасын, әлемдегі барлық науқастар мен жақындарыңызды сауықтырсын», - деп жазды Нурмагомедов Instagram желісіндегі парақшасында.

Хабибтің өзі іс жүзінде пандемияға деген көзқарасының қандай екенін көрсетті. Ол коронавирус инфекцияның таралуына байланысты, UFC 249 турнирінде Тони Фергюсонмен жекпе-жектен бас тартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер