Теннис

Шекарадан велосипедпен өткені үшін бельгиялық теннисшіге айыппұл салынды

Шекарадан велосипедпен өткені үшін бельгиялық теннисшіге айыппұл салынды
news-banner7
mobile-news-top

Бельгиялық теннисші Кирстен Флипкенске Нидерландымен шекараны велосипедпен кесіп өткені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Флипкенс велосипедпен шекараны кездейсоқ кесіп өткен. Полиция қызметкері спортшыны тоқтатып, 250 еуро айыппұл жазып берген.

Спортшы өзінің қателескенін мойындағанымен, жолда ешқандай шектеу белгісінің болмағанын айтады. Әрі полицияның еш ескерту жасамай, бірден айыппұл жазғанына қапалы.

Айта кетейік, Бельгияда коронавирус пандемиясына байланысты 3 мамырға дейін әлеуметтік оқшаулау шаралары қолданылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер