Теннис

«Ролан Гарростың» өткен жылғы жеңімпазы пандемия кезінде супермаркетте жұмыс істеп жүр

«Ролан Гарростың» өткен жылғы жеңімпазы пандемия кезінде супермаркетте жұмыс істеп жүр
news-banner7
mobile-news-top

2019 жылғы «Ролан Гаррос» турнирінің жұптық сындағы жеңімпазы Кевин Кравитц пандемия кезінде супермаркетте жұмысқа орналасқандығын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кәсіби маман ретінде менің теннис залында жаттығуға құқығым бар. Сондықтан мен аптасына үш-төрт рет ойнаймын. Ал бірнеше аптадан бері мен супермаркетте 450 еуроға жұмыс істеймін. Мен досыммен сөрелерге тауарларды шығарып, бос жәшіктерді сұрыптаймын.

Өткен аптада ол кіреберісте күзетші болып жұмыс істеп, дүкен арбаларын дезинфекциялық ерітіндімен өңдеп тұрдым. Мен көптен бері қарапайым жұмыспен айналысқым келіп жүрген. Коронавирустың арқасында менде осындай мүмкіндік болды», - деді Кривитц.

Неміс теннисшісі отандасы Андреас Мицпен жұптасып «Ролан Гаррос -2019» жеңімпазы атанды.

«Ролан Гаррос -2019» жекелей сында испандық Рафаэль Надальды топ жарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер