Бокс

«Канело»: 2020 жылға арналған жоспарымыз әлі өз күшінде

«Канело»: 2020 жылға арналған жоспарымыз әлі өз күшінде
news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық бокс жұлдызы Сауль Альварес келесі жекпе-жегі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазір бәрі жекпе-жек күтіп отыр, алайда жақын арада ештеңе болмайтын сияқты. Пандемияға байланысты біз келесі кездесу туралы келіссөздер жүргізе алмаймыз. DAZN шілде айына дейін жекпе-жектер өткізбейтіндерін мәлімдед.

Мен әлі де қыркүйекте рингке шығуға үміттімін. Әрі қарай не болатынын білмеймін, өйткені бәрі тоқтап тұр. Біздің 2020 жылға жақсы жоспарларымыз бар еді, сондықтан бір айдан кейін оң нәтиже болады деп сенемін.

Мен жаттығуды жалғастыра беремін. Өзімді дұрыс қалыпта ұстау үшін күнделікті жұмыс істеймін. Сондықтан, егер маған екі-үш аптадан кейін боксқа шығасың десе, мен бұған дайынмын», - дейді Альварес.

Еске сала кетейік, «Канело» мамыр айында британиялық Билли Джо Сондерске қарсы рингке шығуды жоспарлаған болатын. Ал қыркүйек айында қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін.

Фото: AP / John Locher.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер