Бокс

«Канело» мәнсабын қашан аяқтайтынын айтты

«Канело» мәнсабын қашан аяқтайтынын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Маусым айында 30-ға толатын әлемдік бокстың мексикалық жұлдызы Саул «Канело» Альварес, өзінің мансабын шамамен қай уақытта аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz vRinge сайтына сілтеме жасап.

«Менің ойымша, спорттық мәнсапты 36 жасымда аяқтаған дұрыс немесе әрі кетсе 37 жаста. Тәртіп, қажырлы еңбек және өз ісіне берілгендік - бойымда бар қасиеттер. Уақыт өте өзгерген жалғыз нәрсе - бұл менің жетістігім. Сондықтан мен әлі күнге дейін боксқа жаңадан келгендей жаттығамын. Бокс - менің өмірім, менің тәнім үнемі айқасты қалап тұрады. Сондықтан мен жекпе-жегім болмаса да, үнемі жаттыққым келіп тұрады», - дейді Альварес.

Сауль бокспен қош айтысқаннан соң, өмірін бизнеске арнайтынын, гольф ойнаумен күн өткізгісі келетінін айтты.

Еске сала кетелік, Альварес мамыр айында супер орта салмақта британиялық Билли Джо Сондерспен кездесуі керек еді, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты жекпе-жекті кейінге шегеруге тура келді.

Фото: DAZN.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер