Антуан Гризманның әкесі - ерекше. Ол баласы үшін барын салып, зейнетке шыққанша тазалаушы болып қызмет етті

Антуан Гризманның әкесі - ерекше. Ол баласы үшін барын салып, зейнетке шыққанша тазалаушы болып қызмет етті

Өткен жазда «Барса» Гризманн үшін 120 миллион еуро төледі, бұл оның әлемнің үздік футболшыларының бірі екенің растады.

Антуан туралы ақпарат көп (мысалы, Netflix-тің керемет деректі фильмі), бірақ біз оның өміріндегі ең маңызды адам туралы ештеңе білмейміз.

Әдетте, футболшылардың ата-аналары агенттік іске кірісіп, клубтардан жаңа контракт сұрап, БАҚ-та жанжал шығарып жатады. Бірақ футбол жұлдыздарының ата-аналары мүлдем өзгеше бола алады.

Жарқын мысал - Антуанның әкесі Ален Гризманн. Ол әлі күнге дейін Франциядағы кішкентай балық аулайтын қалашықта тұрады. Ұзақ уақыт бойы көше сыпырып, едең тазалаған Ален, қазір балаларды жаттықтырады.

Әкесі Антуанға ағаштан қақпа жасап, «Лион» жұлдызымен кездесу ұйымдастырған

Антуан Лионнан 70 шақырым жерде орналасқан Макон қаласында дүниеге келген.

Әкесі қалалық кеңесте жұмыс істегені үшін оның отбасы (Антуанның үлкен әпкесі Мауд және ағасы Тео) кең екі қабатты үйде тұрды. Аленнің басты құмарлығы футбол болды. Жас кезінде ол жергілікті «Макон» үшін ойнап, ал мансабын аяқтағаннан кейін клубтық мектептің 13 жасар ұлдарын жаттықтыра бастады.

Гризманн кланының басты жұлдызы - Антуан. Бүкіл отбасы сүйкімді аппақ баланы ерекше жақсы көрді. Отбасындағы рөлдер өте қарапайым түрде бөлінді: анасы Антуанға әрдайым алаңдайтын, үлкен әпкесі Мод онымен әзілдесетін, ал Тео інісімен бірге күнде доп тебетін. Бірақ Антуанға ең маңызды көмегін әкесі тигізді.

Ален баласының үнемі доппен ойнап жүргенін байқап, оған ағаш қақпа әзірлеп берді. Ол қақпа үйдің алдындағы баскетбол алаңында орналасты. Келесі екі жыл ішінде Антуан сол қақпаға доп теуіп, Теомен бірге-бір ойнайтын. Қазір сол жер Макондағы туристер арасында ең танымал объект.

алаң қазір

алаң қазір

Бала бес жаста болғанда, Ален оны стадиондарға апара бастады. Олар бірге «Марсельдің» және «Монпельенің» ойындарын тамашалады.

Бірақ Антуанға ең ұнағаны - «Лион». Ғашық болу үшін «Жерланға» бір ғана сапар жеткілікті болды. Ол түсінікті, себебі «Лион» 2003 жылы қатарынан екінші чемпиондығын жеңіп алды.

Осы күннен бастап әкесі мен ұлы «Лионның» барлық ойындарын стадионнан тамашалай бастады, кейде Ален баласының көңілін қалдырмау үшін тіпті жұмысынан да сұранып кететін болған.

Антуанның «Лиондағы» сүйікті ойыншысы Сонни Андерсон болған. Гризманн бразилиялыққа еліктеуге тырысып оның плакатын төсегінің тұсына іліп қойды.

Балақай 10 жасқа толғанда, Ален баласына ойға сыйымсыз сыйлық жасады. Ол ұлына Андерсонмен кездесу ұйымдастырып берді.

«Лионда» физиотерапевт болып қызмет ететін досы Патрик Перре арқылы Сонниге шығып, бразилиялық Гризманн отбасы ұйымдастырған пикникке келіп, Антуанды туған күнімен құттықтады.

Андерсонмен тағы бір кездесу

Андерсонмен тағы бір кездесу

Анасы Изабелла: «Мен Антуанды ешқашан соншалықты бақытты күйінде көрген емеспін», - деп еске алады. «Ол әкесімен онсызда көп уақыт өткізді, бірақ бұл сыйлық оларды одан сайын жақындатып жіберді».

Гризманн, әрине, профи болуды армандады - бес жасынан бастап «Макон» академиясында жаттыға бастады. Антуан тіпті өзінің қиялдарын күнделігіне сақтап жүрген. Бір жазбасында журналистердің сұрақтарына жұлдыз ретінде қалай жауап беретінің баяндаған.

Бірақ арманның орындалуымен кейбір қиыншылықтар туындады.

Жалғасы бар…

P.S. Гризманн туралы материалдың жалғасын жіберіп алмау үшін блогқа жазылыңыз!

Автордың инстаграмы және телеграм каналы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или