Еркін күрес

Әсет Серікбаев: Балуандардың бабына қарай Олимпиадаға баратын спортшылар тізімі жасақталады

Әсет Серікбаев: Балуандардың бабына қарай Олимпиадаға баратын спортшылар тізімі жасақталады
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен ұлттық құрама бас бапкері Әсет Серікбаев Ұлттық Олимпиадалық комиеттің #ҮйдемізTeamKZ айдарының арнайы қонағы болды. Тікелей эфирде бас бапкер Олимпиада ойындарының шегерілуі, оның спортшыларға әсерін және де Олимпиадаға баратындарды тілге тиек етті.

- Олимпиада ойындарының өзгеруін бір жақты қабылдауға болмайды. Пайдасы да, кесірі де бар деуге болады. Мұндай өзгеріс жас балуандардың еншісіне шешіліп тұр. Олардың дайындығын арттырып, өздерін көрсетуге тағы бір жыл мүмкіндік берілді. Ал құрамадағы ересек спортшылар үшін кесірі де бар. Себебі, олар Олимпиаданы күтіп тағы бір жылын жоғалтады. Осы тұрғыдан оларға қиындау.

Олимпиадаға қай спортшы дайын, ел намысын қорғауға сол барады. Бұл жерде бапкердің я спортшының емес, ел намысы сарапқа салынады. Қазіргі таңда Олимпиадаға лицензины ұтып алған спортшылар мықты болып тұр. Біз олардың еңбегін жоққа шығармаймыз. Еңбектенгенге қарай, нәтижесіне қарай Токио төрінде атой салатын спортшылар тізімі жасақталады, - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер