«Елдің Ыбырайы – Ыбырай…» ПСЖ басқаларға үлгі боларлық іс атқарып жатыр

«Пари Сен-Жермен» коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан Париждегі ауруханалардың қызметкерлеріне 25 мың тағам дайындап, әрі жеткізіп береді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Күн сайын аспаздар 1200-ге жуық тағам дайындайды, оларды 60 ерікті медициналық мекемелерге жеткізіп отырады. Ал ПСЖ клубтық көліктер мен тамақ дайындауға арналған орындарды да ұсынды. Акция 9 сәуірден басталып кетті және футболканы сатудан түскен қаражатты клуб дәл осы шараға аударып отыр.
Жиналған қаржы 200 мың еуроны құрайды. Қазіргі уақытта 5 мың азық-түлік пакеті жеткізілді.
Еске салайық, 1 және 2-лига чемпионаттары белгісіз мерзімге тоқтатылды. Қазір маусымның жалғасатын-жалғаспайтыны белгісіз.
Еске сала кетелік, Францияда коронавирустан 17 мыңнан астам адам қайтыс болды.