Кукушкин: Қазақстанда АТР турнирлері өтеді деп сенемін

Кукушкин: Қазақстанда АТР турнирлері өтеді деп сенемін

Қазақстанның экс-бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Instagram желісіндегі оқырмандарының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еліміздің ең жетістігімол теннисшілерінің бірі болашақта Қазақстанда Кәсіпқой теннисшілер ассоциациясы (АТР) турнирлері өтетініне сенім білдірді.  

Ал бапкерлік қызмет туралы сұрақ қойған жанкүйерге Кукушкин былай жауап қайтарды. 

- Бәрі мүмкін. Алайда мен қазір тек өз мәнсабымды ғана ойлап жүрмін. 

Михаил өзінің жанкүйерлеріне әлемнің ТОР 50 рейтингінде тұрақтап қалудың қаншалықты қиын екенін айтты.

Михаил Кукушкин дәл қазір АТР рейтингінде 91-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или