Еркін күрес

Қайсанов: Олимпиада алдындағы маусымды сәтті бастадым

Қайсанов: Олимпиада алдындағы маусымды сәтті бастадым
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрес шебері Данияр Қайсанов Ұлттық Олимпиада комитетіне сұхбат берді. Инстаграм желісінде жүргізілген тікелей эфирде балуан Олимпиада алдындағы маусымға шолу жасап, нәтижесіне көңілі толатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. ҰОК сайтына сілтеме жасап.

«Мен үшін Олимпиада алдындағы маусым сәтті басталды. Қаңтар айында Римде (Италия) Matteo Pellicone атты халықаралық рейтингілік турнирде үшінші орыннан көріндім. Одан кейін Нью-Делиде (Үндістан) Азия чемпионатында алтынға ие болып, екі дүркін Азия чемпионы атандым. Құрлықтық біріншілікке аттанар алдында Біріккен күрес әлемінен хабар келді. 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатаның кіші финалындағы франциялық қарсыласымның қанынан допинг табылды. Сөйтіп, ресми түрде дүниежүзілік біріншіліктің қола жүлдесіне ие болдым. Осындай қуанышты жаңалық көңілімізді көтеріп, ерекше жігерлендіріп, психологиялық тұрғыдан көмектесті», дейді балуан.

Сонымен қатар, Данияр Олимпиада ойындарының шегерілуі туралы да пікір білдірді.

«Төртжылдықтың басты бәсекесі саналатын Олимпиада ойындарының шегерілгенін естігенде психологиялық тұрғыдан қабылдау қиын болып, көңіліміз түсті. Себебі, қанша уақыттан бері спортшылар ерекше дайындалып жүрген болатын. Оған дейін де коронавирус індеті пайда болғанда Олимпиада болады ма, жоқ па деп қатты уайымдап жүрдік. Десе де, бұл шешімді дұрыс деп ойлаймын. Есімізді жиып, ойланып қарасақ, Олимпиада ойындарының кейінге шегерілуі дайындығымызды пысықтап алуға берілген мүмкіндік екен», - дейді Данияр Қайсанов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер