русский язык
ММА

Шавкат Рахмонов: Тағы да антидопинг ережесін бұзсам, спорттан екі жылға шеттетілуім мүмкін

Шавкат Рахмонов: Тағы да антидопинг ережесін бұзсам, спорттан екі жылға шеттетілуім мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов, M-1 Global жартылай орта салмақтың бұрынғы чемпионы, «Территория ММА» YouTube арнасына берген сұхбатында ол карантинде уақытты қалай өткізіп жатқаны және UFC-дегі қиындықтар туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Шавкат, сіздің UFC-дегі жекпе-жегіңіз әлі өткен жоқ. Жағдайдың осылай болғанына көңіл-күйіңіз түсіп кеткен шығар?

- Мен дебютті жекпе-жегіме көп дайындалдым, бірақ соңғы кезде олар турнирдің өтпейтінін айтты. Мұны білген кезде біз әуежайда едік. UFC үйде қалуды өтінді. Көңіл-күйім түскені рас. Әрине, маған Қазақстан атынан алғаш рет UFC-де өнер көрсету үлкен мәртебе еді. Бірақ, әрбір істің қайыры бар. Ең бастысы - денсаулық.

- Бұл жекпе-жекке дайындық ерекше өтті ме?

- Мен UFC-де бақ сынайтыныма сенімді болдым. Ең бастысы - жаттығу кезінде жарақат алып қалмау болды.

- Қарсыласыңызды ұзақ зерттедіңіз бе? Сіздің жоспарыңыз қандай еді?

- Барлығы қарсыласқа байланысты. Менің қарсыласым өзінің күрестегі шеберлігіне сенім артады. Оның стилі - партерге жатқызып, ұстап тұру. Жоспарымыз - жеңіске жету болатын.

- Допингке қарсы комиссия сізді қаншалықты жиі бақылап отырады?

- Келісімшартқа қол қойғаннан кейін мені екі рет тексерді. Бәрі жақсы, ештеңе табылмады. Олар кез-келген уақытта тексере алады. Мен допингке қарсы ережені бір рет бұздым, егер бұл қайталанса, олар мені екі жылға спорттан шеттетуі мүмкін.

- Қазақстанда өткен ACA 105 турнирін көрдіңіз бе?

- Ия, мен барлық жекпе-жекті көрдім. Барлық жігіттер өте жақсы өнер көрсетті. Арман Мирзаевты сабап тастады.

- Турнирден кейін Резников Раисовты жекпе-жекке шақырды шақырды. Сіздің ойыңызша, бұл жекпе-жек қазір қаншалықты қызықты?

- Мен бұл жекпе-жекті көргім келеді. Екеуі де сен тұр, мен атайын. Кімнің жеңетінін уақыт көрсетеді.

- Карантинде уақытты қалай өткізіп жатырсыз? Кино көресіз бе?

- Шынымды айтсам, кино көргім-ақ келеді, бірақ балалар мультфильм қойып беруді өтінеді.

Шавкат Рахмановтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі кейінге қалды

UFC-де екінші қазақстандық: Жалғас Жұмағұлов ұйыммен келісімшартқа отырды

Еңбексүйгіштік және жеңіске деген ұмтылыс. Бапкер Шавкат Рахмоновтың мықты тұстарын айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;