ММА

Депутат: Хабиб Путиннен рұқсат сұрай алатын еді

Депутат: Хабиб Путиннен рұқсат сұрай алатын еді
news-banner7
mobile-news-top

Аралас жекпе-жек сарбазы және Мәскеу облысының Красногорск қалалық кеңесі депутаты Джефф Монсон қазіргі UFC ұйымының жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың қандай жағдайда отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz «Чемпионат» сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетелік, 18 сәуірде ресейлік файтер Тони Фергюсонмен төбелесуі керек болған, алайда карантинге байланысты Ресейден шыға алмады. Оны Джастин Гэтжи алмастыратын болды.

«Хабибтің жекпе-жекке дайындығы күшті еді пен оны өткізудің өзіндік жоспары болды. Коронавирус пандемиясын кім күткен? Бәрі бір сәтте өзгерді. Хабибтің Путиннен жеке рұқсат сұрайтын мүмкіндігі болған, бірақ ол келмеді. Оның Ресейден шығып кетуі мүмкін еді. Бәлкім көптің ашуын тудырғысы келмеген болар.

Ол чемпион, оның ұшақпен қатынаудан бастап, жекпе-жекке дейінгі нақты жүйелі жоспары бар. Соның арқасында ол чемпион болып отыр. Мен Хабибты кінәламаймын. Бұл оның таңдауы», - дейді Монсон.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер