Нұрғожа Қайпанов: Жаңа салмаққа үйренісу де біраз уақыт алады

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің #ҮйдемізTeamKz онлайн жобасының кезекті шығарылымы өтті. Тікелей эфир қонағы еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері - Нұрқожа Қайпанов..
Карантинде бос уақытымды тиімді пайдаланып жатырмын Қазір карантин болғандықтан ауылда ата-анамызбен біргеміз. Тек өзім емес, ағзам да демалып қалды десем өтірік емес. Себебі, үзіліссіз жаттығу, жарыстан кейін дене де шаршайды. Оның үстіне, мен қазір салмақ ауыстырдым. Жаңа салмаққа үйренісу де біраз уақытты алады.
Осы уақытты пайдаланып, барлық белдесуге анализ жасап жатырмын. Күніне екі сағат уақытымды күрес видеоларын көруге арнаймын. Өзімнің, қарсыласымның күресін бақылап, саралап отырамын. Бірінші көргенде байқамаған қателікті екінші көргенде байқап жатасың. Карантинде де негізгі жұмысым - осы.