Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы футболдан толығымен кетті

Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы футболдан толығымен кетті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Генрих Шмидтгаль германиялық Revier Sport басылымына берген сұхбатында футболдан толығымен кететінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

2016 жылы Шмидтгаль кәсіпқой футболшы ретінде мансабын аяқтаған. Ал биыл бапкерлік карьерасына да нүкте қойды. Қазір Шмидтгальдің жасы - 34-те.

«Өткен маусымда мен «Фортуна» бас бапкерінің екінші көмекшісі болдым, бірақ енді бапкерлік жолымды жалғастырғым келмейді. Біріншіден, бұл менің тіземе байланысты, ол нашар жағдайда: шеміршек жарақатымен екі жерден төрт рет ота жасаттым», - дейді экс-футболшы.

Шмидтгаль қазір доппен жаттығу жасап, жарты сағат болса да, жүгіре алмайтынын айтты.

Өзінің сөзінше, енді ол жылжымайтын мүлік басқармасы саласында жұмыс істеп көрмек.

Еске салайық, Генрих Шмидтгаль Алматы облысының Есік қаласында дүниеге келген. Бірақ карьерасын толығымен Германияда өткізген. 2010-2015 жылдар арасында Қазақстан құрамасы сапында ойнады.

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы неміс клубын жаттықтырады

Меркель Қазақстан туымен келген жанкүйерге жейдесін сыйлады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер