Жеңіл атлетика

Кениялық желаяқ допинг үшін төрт жылға спорттан шеттетілді

Кениялық желаяқ допинг үшін төрт жылға спорттан шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Кениялық желаяқ Винсент Кипсегечи Ятор допингпен ұтсалып, 4 жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ятор - 2015 жылғы Париж жарты марафонының жеңімпазы және 2010 жылғы Африка чемпионатының күміс жүлдегері.

Оның сынамасынан экзогендік тестостерон, триметазидин, преднизон, преднизолон, кломифен табылды.

2019 жылдың 10 сәуірінен бастап көрсеткен барлық нәтижелері жойылады. Айта кетейік, 2019 жылдың шілдесінде Винсент Австралиядағы Gold Coast марафонында өзінің жеке рекордын жаңартты. Осы жарыстан кейін оның үлгісінде тыйым салынған заттар табылған.

Оның спорттан шеттетілуі 2023 жылдың 1 қазанына дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер