Күрес

Эльмира Сыздықова: Олимпиада тек кейінге шегерілді, оны ешкім алып тастаған жоқ

Эльмира Сыздықова: Олимпиада тек кейінге шегерілді, оны ешкім алып тастаған жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Олимпиада ойындары кейінге шегерілгеннен кейін мамандар жағдайды саралап, шешімді қолдайтындарын айтуда. Өз кезегінде, спортшылар да төртжылдықтың басты додасына деген дайындығымен бөлісіп жатыр. Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова Олимпиаданың кейінге қалдырылғаны туралы не ойлайтынын Olympic.kz сайтына айтып берді.

– Олимпиада ойындарына лицензияны біз қыркүйек айында өткен әлем чемпионатына ұтып алдық. Олимпиаданың кейінге шегерілгенін жақында ғана білдім. Қатты қамықтым дей алмаймын. Қуанатын да жаңалық емес. Жаман немесе жақсы деп айта алмаймын, себебі біз тамызға қарай қалыпқа келіп, дайындықтың шарықтау шегінде болуды жоспарлаған болатынбыз.

Енді бұрынғы жоспарымыз жарамайды, жаңа жоспар қажет. Қандай бағытта дайындалу керектігі де айқын емес, бәрі белгісіз. Десе де, дайындық бұрынғыдай күніне екі рет болады. Себебі, Олимпиада тек кейінге шегерілді, оны ешкім алып тастаған жоқ. Мүмкін ауыстырылғаны да жақсы болды. Бізге, бәрімізге тағы бір жыл дайындық жұмыстарын пысықтап, қатемен жұмыс істеуге мүмкіндік, - деп, Эльмира Сыздықова өз пікірімен бөлісті.

Айта кетерлігі, 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындары коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға кейінге шегерілді. Наурызда белгілі болғандай, Токио Олимпиадасы 2021 жылдың 24 шілдесі мен 8 тамыз күндері өтеді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер