Әлем футболы

«Манчестер Юнайтед» ойыншысы 600 мың баланың тамақтануына септігін тигізді

«Манчестер Юнайтед» ойыншысы 600 мың баланың тамақтануына септігін тигізді
news-banner7
mobile-news-top

Маркус Рэшфорд Ұлыбританиядағы балаларға коронавирус пандемиясымен байланысты қиын кезеңге төтеп беруге көмектесетін АПЛ-дың ең белсенді ойыншыларының бірі болып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Манчестер Юнайтед» ойыншысы Twitter желісіндегі 2,5 миллион жазылушысын балаларға қолдау көрсететін «FareShare» ұйымына көмектесуге шақырды.

Ойыншы: «Ұлыбританияда 32000-нан астам мектеп бар... Осы мектептерге баратын балалардың көпшілігі тегін тамақтануға құқылы, сондықтан мен бұл жетіспеушіліктің орны қалай толтырылатынын түсіну үшін бірнеше күн ұйымдармен сөйлестім. Мен бұл мәселенің ауқымын және әлеуметтік жағдайы нашар балаларға көмек көрету жағын білгім келді. Әңгіме тек мектептер туралы ғана емес

Сондай-ақ, көптеген балаларды жалғыз тамақпен қамтамасыз ететін қоғамдық орталықтар және басқа да ұйымдар бар. Ешбір бала келесі жолы тамақты қайдан алатынына алаңдамауы керек», деп жазды.

Daily Mail басылымының хабарлауынша, Рэшфорд соңғы екі аптада 600 мың балаға тамақ алуға көмектесті. Футболшы мұнымен тоқтап қалмақ емес.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер