Марса: Роналду футбол тарихындағы үздік футболшы бәсекесінде Мессиден озып кетті

Марса: Роналду футбол тарихындағы үздік футболшы бәсекесінде Мессиден озып кетті

Испаниялық Marca басылымы өз жанкүйерлері арасында барлық уақыттағы ең үздік ойыншыны анықтайтын дауыс беру сайысын ұйымдастырды, деп жазады Prosports.kz.

Финалда Криштиану Роналду Лионель (54% дауыс) Мессиден (46%) басым түсті. 246 мыңға жуық қолданушы португалиялыққа, 209 мыңға жуығы аргентиналыққа дауыс берді.

«Үшінші орын үшін болған матчта» бразилиялық Роналдо Диего Марадонаны 51%:49% есебімен жеңді.

Жарысқа Ференц Пушкаш, Эйсебио, Альфредо Ди Стефано, Франц Беккенбауэр, Мишель Платини, Пеле, Роналдиньо, Лев Яшин, Йохан Кройф, Зинедин Зидан, Джордж Бест және Паоло Малдини «қатысты».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или