ММА

Георгий Кичигин: АСА мені бұрыннан өз қатарына қосқысы келді

Георгий Кичигин: АСА мені бұрыннан өз қатарына қосқысы келді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Георгий Кичигин (23-6) 2 сәуірде ACA лигасымен келісімшартқа отырды. Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында спорты қол қойылғаннан кейінгі алғашқы эмоцияларымен бөлісті, сондай-ақ ол кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты.

29 жастағы алматылық жауынгер өткен жылы үш жекпе-жек қатарынан жеңіске жетті.

- Георгий, ACA-мен келіссөздер қанша уақытқа созылды?

- Шындығында, келіссөздер бірнеше аптаға созылды. Лигамен диалогты менің менеджерім Александр Скаредин жүргізді. ACA мені бұрыннан өз қатарына қосқысы келді, өйткені бұл оларға қызықты болды. Әр салмақта бәсекелестік қажет, өйткені лига қазір қарыштап дамып жатыр. Ертерек келіскенде Алматыдағы жарыста өнер көрсететін едім. Вирусқа байланысты UFC-мен болашақ бұлыңғырлау болды. Компания қазіргі жағдайда өз қатарына жаңа спортшыларды қосуды тоқтатты.

- ACA-мен қол қою туралы алғаш қашан әңгіме шыға бастады?

- Меніңше, былтыр. Ол кезде басқа жоспарларымыз болды. Американдық промоушнмен келісімшарт жасасуды ойладым. Бірінші кезекте UFC-ді қарастырдық. Олар мені қызықтырды, бірақ менің салмағымда орын болмады. Олар күту керек деді, бірақ уақыт өтіп жатыр ғой.

- Сіз AСA-мен қанша жекпе-жек өткізуге келісімшартқа отырдыңыз?

- Бұл қарапайым келісімшарт, бір жарым жылда төрт жекпе-жекке арналған.

- Жанкүйерлер сіздің Гаджимурад Хирамагомедовпен екінші жекпе-жегіңізді күтіп жүр...

- Жақында ол Абубакар Вагаевпен жұдырықтасады. Егер ол жеңіске жетсе, әрине, қызықты жекпе-жек өткіземіз деп оймаймын. Көрейік. Біреулер мені одан қашамын деп жазады, бірақ мен онымен төбелесуге дайынмын. Егер лига шешсе, мен дайынмын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер