Дзюдо

Серікжанов: Рейтингте көш бастағандар тағы бір жыл мықтылығын дәлелдеуі керек

Серікжанов: Рейтингте көш бастағандар тағы бір жыл мықтылығын дәлелдеуі керек
news-banner7
mobile-news-top

Коронавирус пандемиясына байланысты төртжылдықтың басты додасы Токиодағы Олимпиада ойындарының уақыты өзгерді. Бірнеше спорт түрінен жолдама иесі анықталып үлгерді. Алайда, рейтинг бойынша жолдама үлестірілетін бірнеше спорт түрінен лицензия иелері жұмбақ күйінде қалды. Яғни, жолдама тағдыры кейінге қалдырылды.

Осыған орай қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов Олимпиаданың ауыстырылуы мен рейтингке қатысты өз ойымен бөлісті.

- Олимпиада ойындарының шегерілуі дұрыс шешім деп ойлаймын. Бұл жерде спортшылардың денсаулығы, бас амандығын бірінші орынға қойылып отыр.

Бір жағынан, дәл қазіргі таңда рейтингте ұпайы жетпей жатқан спортшылар үшін өте үлкен мүмкіндік берілді. Олар енді берілген мүмкіндікті барынша дұрыс пайдаланып, жарыстан орын алуға, тисіті ұпайды иеленуге жанын салады.

Десе де, рейтингте көш бастап тұрған спортшыға бұл жағдай оңай тимесі анық. Себебі, олар жолдама жолындағы таласта жанкештілік танытып, мықтылығын тағы бір жыл дәлелдей түсуі керек болады. Бүкіләлемді дүрліктірген дерттен аман-есен шықсақ екен деп тілеймін!, - дейді Ерлан Серікжанов.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер