ММА

Хабибтің командасындағы екі файтер UFC 249 турниріне қатысудан бас тартты

Хабибтің командасындағы екі файтер UFC 249 турниріне қатысудан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік аралас жекпе-жек сарбаздары Ислам Махачев пен Умар Нурмагомедов UFC 249 турниріне қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, «Команда ешқайда ұшпайды», - деген спортшылар командасының өкілі.

UFC 249 турнирі аясында Махачев сегіз бұрышта АҚШ өкілі Александр Эрнандеспен кездесуі керек еді. Ал жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі Умар Нурмагомедов те америкалық Азур Хантермен дебюттік жекпе-жегін өткізбек болған.

Айта кетелік Махачев пен Нурмагомедовтың бапкері - Абдулманап Нурмагомедов.

Еске салсақ, UFC 249 турнирі 18 сәуірде Бруклинде (Нью-Йорк, АҚШ) өтуге тиіс болған. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты Нью-Йорк билігі жарысты өткізуге тыйым салды.

Фото: ufcbet.ru

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер