ММА

Хабиб Тони Фергюсонмен жекпе-жектен бас тартты

Хабиб Тони Фергюсонмен жекпе-жектен бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жек коронавирустың таралуына байланысты өтпейді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Жекпе-жек 18 сәуірде АҚШ-тағы UFC 249 шоуында өтуі керек еді.

«Мен үйде карантинде жатып, жекпе-жектің айналасындағы жағдайға адамдардың реакциясы қандай болып жатқанын оқып отырмын, - деп жазды Хабиб Instagram желісінде. - Сонда бүкіл әлем карантинде отыр, барлық елдің үкіметі мен әлемдегі танымал жандар адамдарды құтқару үшін, аурудың таралуын шектеу үшін қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады, ал Хабиб болса міндеттен босатылып, ерік-жігерін елге көрсете отырып, жекпе-жек үшін әлемді аралап, басын қатерге тігуі керек пе?

Мен бәрін түсінемін, кездесудің болмайтынына сіздерден артық өкініп отырмын. Басқалардың да менің жекпе-жегімнен кейін өз жоспарлары болған шығар. Бірақ мұның бәрін реттеп отыру менің қолымнан келмейді.

Дәл қазір үлкен державалар мен ірі компаниялар болып жатқан оқиғалардан шошып отыр, жағдай күн сайын болжаусыз өзгеріп отырады, бірақ Хабиб жекпе-жек өткізуі тиіс, солай ма?

Өздеріңізге қамқор болыңыздар және өздеріңізді менің орныма қойып көріңіздер».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер