Дзюдо

Елдос Жұмақанов: Елдегі төтенше жағдай жақындарымызды бағалауға үйретуде

Елдос Жұмақанов: Елдегі төтенше жағдай жақындарымызды бағалауға үйретуде
news-banner7
mobile-news-top

Коронавирус індеті пандемия болып жарияланғаннан кейін әлемдегі барлық жарыс пен жаттығу жиындары шұғыл тоқтатылды. Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғаннан соң қазіргі таңда спортшылар үйлерінде отбасымен уақыт өткізуде. Келеңсіз жағдайға байланысты қолданылған шараның оң әсері бар деп, дзюдошы Елдос Жұмақанов қалай уақыт өткізіп жатқанын айтып берді.

– Қазір тек қана спорт емес, әлем бізден үлкен үзіліс алды. Байқағанымдай, мұның да оң тұсы бар екен. Мысалы, күнделікті қарбалас уақытта жұмыс, жаттығу, жарыс деп отбасымыз екінші орынға қалып қояды. Тасада, тиісті көңіл бөлінбеген соң, жақындарыңнан да алыстай бастайсың. Ал қазір карантин кезінде, керісінше, отбасымызбен бірге, бір шаңырақ астында жақсы уақыт өткізіп жатырмыз. Карантин деген демалыс емес. Қауіпсіздік шарасын сақтанып, жаттығуды үйде де жалғастырамыз.

Айтқым келетіні, қазіргі төтенше жағдай жақындарымызды бағалауға үйретуде. Өмірдегі басты құндылықтың не екенін түсіндіруде. Сондықтан, қаймығып, көңіл түсірудің қажеті жоқ. Тек қана Үкімет айтқан сақтық шарасын қолданып, сабыр сақтауымыз керек, - дейді дзюдошы Елдос Жұмақанов.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер