Дзюдо

Жансай Смағұлов: Олимпиаданың шегерілуі - бізге берілген үлкен мүмкіндік

Жансай Смағұлов: Олимпиаданың шегерілуі - бізге берілген үлкен мүмкіндік
news-banner7
mobile-news-top

Токиода өтетін Олимпиада ойындарының күні нақтыланды. Дүниежүзілік дода бір жылға шегерілгеннен кейін спортшылар пікір екіге бөлініп, жаңа маусымға жоспар құруда. Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов мұндай шешімнің спортшыларға оң әсері болатынын айтады.

- Әлемде болып жатқан жағдайды ескерсек, Олимпиада ойындарының кейінге шегерілуі өте дұрыс шешім. Ұйымдастырушылар спортшылар денсаулығын бірінші орынға қойды.

Алайда, төрт жылдықтың басты додасына кез келген спортшы тыңғылықты дайындалып, барын салады, ұзақ күтеді. Олимпиадаға қатысушылар дәл қазір нағыз формада еді. Десе де, балуанға оң солы бір деген. Әліптің артын бағып, бапкерлер қойған жоспар бойынша әрі қарай дайындықты жалғастырамыз.

Олимпиаданың шегерілуін - тәжірибемізді шыңдауға, қатемен жұмысты үдетуге берілген мүмкіндік деп қабылдау керек, - дейді Жансай Смағұлов.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер