Футзал

«Қайраттың» бапкері коронавирус жайлы пікір білдірді

«Қайраттың» бапкері коронавирус жайлы пікір білдірді
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының бас бапкері Пауло Рикардо Кака коронавирустық пандемияны жеңіп шығатынымызға сенім білдірді, әрі онымен күресті «ең ауыр матч» деп атады, деп жазады Prosports.kz.

«Мен үйдемін, қауіпсізмін. Бірақ футзалды қатты сағындым. Ең үздік команда - «Қайратты» сағындам. Біздің ойындарымыздағы қуанышты және өкінішті эмоцияға толы сәттерді еске алудамын.

Бұл - ең бір ауыр матч сияқты. Бірақ осының бәрін бірге өткіземіз деген сеніміммен бөліскім келеді. Біз бірге мақсатымызға жетіп, жаңа жеңістерге ұмтыламыз.

Бұл матчта қосымша уақыт болмайды деп үміттенемін және жақын арада... Біз жеңеміз!», - деп жазды бапкер Instagram желісінде.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан билігі 16 наурыздан 15 сәуірге дейін елде төтенше жағдай енгізді. Барлық бұқаралық іс-шаралар, соның ішінде спорт жарыстары да тоқтатылды. Ірі қалаларда және Қазақстанның бірқатар облыстарында карантин режимі енгізілді. Азаматтарды себепсіз үйден шықпауға шақырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер