Грек-рим күресі

Нұрбақыт Теңізбаев: Олимпиаданың шегерілуі - жас спортшыларға берілген мүмкіндік

Нұрбақыт Теңізбаев: Олимпиаданың шегерілуі - жас спортшыларға берілген мүмкіндік
news-banner7
mobile-news-top

Коронавирус пандемиясына байланысты төртжылдықтың басты бәсекесі бір жылға кейінге шегерілді. ХОК пен Жапония үкіметі бірлесе қабылдаған шешімді мамандар қолдап, оң пікір білдіруде.

Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, қазақстандық грек-рим күресі шебері Нұрбақыт Теңізбав та осыған қатысты пікірімен Olympic.kz сайтына бөлісті.

Оның айтуынша, Олимпиада ойындарының бір жылға шегерілуі спортшының дайындығын пысықтауға, сондай-ақ, жас спортшыларға Олимпиадаға баруға мүмкіндік береді.

"Біріншіден, Олимпиада ойындары кейінге шегерілгендігі дұрыс шешім деп ойлаймын. Қазіргі таңда әрбір мемлекет үшін, ең маңызды шара ол - коронавируспен күрес. Біз өз спортшылармыздың қауіпсіздігін ойлауымыз керек. Бір жылға шегерілсе, ол өте ұзақ уақыт емес, оған қоса спортшылармызға лицензияны көбірек алуға жақсы мүмкіндік дер едім.

Әрине, бұл жаңалық керсінше кейбір спортшылармыздың көңіл-күйін түсірген болар. Олар нағыз бабында жүріп, сол спорт түрінде рейтингтте алғашқы үштікте жүрген спортшыларымыз, өз мықтылығын тағы бір жыл дәлелдеу керек болады.

Ал енді өз кезегімде спортшыларға айтарым, біріншіден, мемлекеттің коронавирусқа қарсы күрестегі ұсыныстары мен кеңестеріне бағынып жүруге шақырамын. Осындай уақытты ұтымды пайдаланып, жеке бапкерлермен жаттығуды жалғастырып, келесі жылғы Олимпиадаға дайындықты жалғастыра берсе нәтиже де жақсы болады деп есептеймін.

Сондай-ақ, олимпиаданың бір жылға шегерілгендігі, басқа да жас спортшылардың Олимпиадаға баруына үлкен мүмкіндік береді деп есептеймін", - дейді Нұрбақыт Теңізбаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер