Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Олимпиадаға дайындықты жалғастырады
Халықаралық Олимпмада комитеті ХХХІІ жазғы Олимпмада ойындарын COVID-19 пандемиясына байланысты 2021 жылға шегерді. Әйелдер күресінен ел құрамасының бас бапкері Нұрлан Аманқосовтың айтуынша, Олимпиада ойындарының өту уақыты ұзарғанына қарамастан, команда босаңсымай, бірқалыпты дайындықты жалғастырады.
- Олимпиаданың келесі жылға қалғаны бізге кері әсерін тигізеді деп ойламаймын. Спортшылар өте шыдамды халық. Мақсатымыз - осы қарқынды жоғалтпай, дайындықты жалғастыру.
Әлі бірнеше салмақта Олимпиада лицензиясын алған жоқпыз. UWW күрестен Азия аймақтық іріктеу турнирінің өту мерзімін жариялаған соң, лицензиялық жарысқа дайындаламыз.
Спортшылардың денсаулығы, жалпы адамзаттың денсаулығы біз үшін өте маңызды. Сол себепті, қиындықтарға қарамастан, Олимпиаданы кейінге қалдырғаны дұрыс шешім,- дейді бас бапкер Нұрлан Аманқосов.