Бокс

Тедди Атлас: «Канело» Головкиннен екі кездесуде де жеңілді

Тедди Атлас: «Канело» Головкиннен екі кездесуде де жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық танымал жаттықтырушы Тедди Атлас қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы екі кездесуде де жеңіске жеткенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Championat сілтеме жасап.

«Альварес Головкиннің соққыларына шыдас берді. Иегі сұмдық төзімді екен. Меніңше, ол екі жекпе-жекте де Головкиннен жеңілді. Ал Геннадий, менің ойымша, қазір аздап шаршаңқырады. Ол енді бұрынғыдай емес. Қолынан келгеннің бәрін жасады. Мен оның көптеген жанкүйерлері бұны естігенді ұнатпайтынын білемін, бірақ Головкин Альвареске қарсы екі кездесуде де жеңді деп ойлаймын. Оған жеңіліс пен тең есепті жазып, алдап жіберді», - деді Атлас.

Еске сала кетейік, қос боксшы арасындағы бірінші жекпе-жек тең аяқталды, бірақ екінші матчта төрешілер Альвареске басымдық берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер