Хоккей

Қазақстандық хоккейші допингпен ұсталды

Қазақстандық хоккейші допингпен ұсталды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық хоккей федерациясы Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Владислав Никифоровты 15 айға спорттан шеттету туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

19 жастағы хоккейшінің допинг-сынамасынан WADA тыйым салған заттардың тізіміне кіретін мельдоний табылды. Талдау 2019 жылдың 8 қарашасында, Қазақстан жастар құрамасы Таллинде өткен Балтика кубогына қатысып жатқан кезде алынған.

Бұл жағдайға байланысты түсініктемесінде ойыншы мельдоний оған дәрігер өткен жазда тағайындағанын айтқан. Ол дәрігерлерге өзінің хоккейші екендігін айтпаған. Сондықтан да клиника тиісті шектеулерді қарастырмаған. Сондай-ақ, спортшы тыйым салынған заттарды қолдануға ниеті жоқ екенін айтты.

Халықаралық хоккей федерациясы допингке қарсы ережені бұзу қасақана жасалмаған деп тапты. Сонымен қатар, хоккейшінің әлі жас екенін және оның допинг туралы білмегені де ескерілді. Ойыншы IIHF Тәртіптік кеңесі қабылдаған шешімге аппеляциялық шағым түсірген жоқ. Дисквалификация 2021 жылдың 8 ақпанында аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, осы маусымда Владислав Никифоров «Снежных Барсов» сапында өнер көрсетті. ЖХЛ аясында 24 матчқа қатысты. Сонымен қатар, ол Қазақстан жастар құрамасы сапында Балтық кубогында екі ойын өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер