Дзюдо

Айдын Смағұлов: Олимпиаданың ауыстырылуы спортшыларға оңай тиген жоқ

Айдын Смағұлов: Олимпиаданың ауыстырылуы спортшыларға оңай тиген жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық Олимпиада комитеті 2020 жылғы Токио Олимпиадасын коронавирус індетіне байланысты 2021 жылға ауыстырды. Әзірге, Олимпиада өтетін нақты мерзім бекітілген жоқ. Дзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Айдын Смағұловтың пікірінше, бұл шешім спортшылар үшін оңай болмайды.

– Олимпиада ойындарының кейінге қалуы бірінші кезекті спортшыларға қиын соғады. Бірақ бұл қадамның спортшылар денсаулығы үшін жасалғанын да ұмытпауымыз керек. Мәселен, әр спортшының өз дайындық бағдарламасы бар. Олимпиадаға қатысуға үмітті спортшылар төртжылдық жоспар қойып, соған сәйкес жаттығады. Мысалы, жаттығудың әр кезеңге жоспарлаған жүктемесі, көлемі болады. Соның бәрін орындап, жарысқа санаулы ай қалғанда тоқтап қалатыны, сөз жоқ, қиын.

Спортшылар қаншама жыл бойы дайындалды. Бір кезеңде, физикалық, бір кезеңде функционалдық дайындыққа көңіл бөлді. Биылғы кезеңде біз бәрін саралап, Олимпиадаға тас-түйін болып баруды көздегенбіз. Барлық нәрсе біз ойлағандай болмайды ғой. Еш мойымаймыз. Мұның бәрі адамзаттың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Бәрін қайтадан бастаймыз. Дайындық кезеңінің бұзылғанына қарамастан, келесі жылғы ойындарға жаңа күшпен барамыз, - дейді Айдын Смағұлов ҰОК баспасөз қызметіне.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер