Басқа

Рыпакова: Міндетті түрде Tokyo 2020 Олимпиадасында жүздесерміз

Рыпакова: Міндетті түрде Tokyo 2020 Олимпиадасында жүздесерміз
news-banner7
mobile-news-top

Үш қарғып секіруден 2012 жылғы олимпиада чемпионы, қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова, 2020 жылғы Олимпиада ойындары коронавирустық пандемияға байланысты келесі жылға ауыстырылғанына өкініш білдірсе де, адамдардың денсаулығы бәрінен маңызды екенін жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз Тоkyo 2020 Олимпиадасында жүздесеміз. Халықаралық Олимпиада комитеті осы жылдың басты спорттық шарасын кейінге қалдыру туралы шешім қабылдағанына қарамастан, Олимпиаданың атауы өзгеріссіз қалады. Нақты күні белгісіз, бірақ 2021 жылдың 24 шілдесінен кешікпей өтер.

Әрине, ұйымдастырушылар мен спортшылар үшін бұл өте қайғылы жаңалық, бірақ ең маңыздысы адамдардың денсаулығы. Тәуекелге баруға болмайды және бара алмаймыз да. ХОК пен Жапония үкіметі бұл қадамды бірінші кезекте адамдар туралы ойлайтындықтан қабылдады. Енді бәріміз бұл туралы ойлануымыз керек.

Мен ақырында бәрі сәтті аяқталады деп ойлаймын және біз Тоkyo 2020 ойындарында бір-бірімізбен міндетті түрде жүздесеміз. Біз үйде жаттығамыз, өз үйіңнің қабырғасы да көмектеседі деген бар!», - деп жазды спортшы өзінің Instagram парақшасында.

Еске салсақ, 24 наурызда Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ мен Токио билігі ХОК-қа Жапония астанасында өтетін ойындарды 2021 жылға ауыстыруды ұсынған болатын. ХОК президенті Томас Бах бұл идеяны қолдады. Олимпиаданың кейінге қалдырылғанына қарамастан, оның жылдық көрсеткіші (2020) сақталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер