Командалық

Халықаралық баскетбол федерациясының президенті спорт ұйымдарына хат жолдады

Халықаралық баскетбол федерациясының президенті спорт ұйымдарына хат жолдады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық баскетбол федерциясының президенті және бас хатшысы барлық спорт ұйымғa бағыттап ресми хат жолдады.

Құрметті достар,

Бүгінгідей қиын қыстау заманда сіздердің отбасы мен жақындарыңыздың дендері сау, қауіпсіз деп ойлаймын.

Коронавирус пандемиясына қатысты әлемде орнаған төтенше жағдайда барлық 213 ұлттық федерациялар бірігіп, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезініп, үлгі тұтарлықтай болсақ деймін.

Біз сіздерді осы уақытқа дейін үнемі баскетболмен шұғылданып, ойнауға үгіттесек, бүгін денсаулықтарыңызды сақтауға шақырамыз.

Коронавирус спорт маусымында баскетбол күнтізбесіне едәуір кері әсерін тигізді. Десе де, бүгінде үкімет тарапынан қабылданған барлық шаралар спортшылар, қатысушылар мен ұйымдастырушылардың, бапкерлердің қауіпсіздігін ойлап қабылдануда.

Сондықтан, індеттің асқынуын қаперге алып, 12 наурыз күні FIBA алғащқылардың бірі болып барлық баскетбол жарыстарының тоқтатылатынын хабарлады.

Біз спортшылардан өзіміздің балаларымызды жібере алмайтын жерге шақырып, жарыс өткізбейміз. Жағдай реттелген сәтте барлық жарыстар күнтізбесін қадағалап, нақты бір шешім шығарамыз. Біз спортшыларды екі ойлы, үмітсіз еткіміз келмейді. Сіздер барлық сұраққа нақты жауап алуға лайықсыздар.

Сондықтан төтенше жағдай кезінде барлық ойындарды тоқтатуға тура келді.

FIBA ойындары тоқтағанымен, FIBA маусымы жабылды дегенді білдірмейді. Олимпиада ойындарына келер болсақ, Халықаралық

Олимпиада комитеті Олимпиаданы тоқтату күн тәртібінде тұрған жоқ деп ашық айтты. Кеше ХОК осыған байланысты барлық жауапты ұйымдармен, ұлттық федерациялармен төрт апталық кезеңнен тұратын кеңестің бар екенін хабарлады. FIBA да бұл мәселе бойынша белсенділік танытуда.

Тек әйелдер баскетболынан Олимпиадаға іріктеу турнирлері өткенін білеміз. Бізді алда әлі алты олимпиадалық іріктеу кезеңі, атап айтқанда, ерлер арасындағы төрт дода мен 3х3 баскетболынан екі іріктеу бәсекесі күтіп тұр. Әлемдегі жағдайды қадағалап, бізге қатысты өзгерісті дер кезінде хабарлап отырамыз.

Баскетболдан барлық додалар қайта оралады. Ал қазірше, сіздер, өтініш, өзіңізді, денсаулығыңызды және отбасыңыздың амандығы үшін қолдан келгенніғ барлығын жасасаңыздар.

Ізгі ниетпен, Хамане Ньянг және Андреас Загкалис.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер