Дзюдо

Айдын Смағұлов: Біз карантиннің аяқталуын күтеміз

Айдын Смағұлов: Біз карантиннің аяқталуын күтеміз
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан ұлттық құраманың бас бапкері Айдын Смағұлов Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Токиода өтетін Олимпиада ойындарына іріктеумен байланысты жағдайға түсінік берді.

- Коронавирустық пандемияға байланысты бүкіл әлемде көптеген маңызды лицензиялық турнирлер тоқтатылды. Мұндай жағдайда Олимпиада ойындарына іріктеу қандай болады?

- Қазіргі уақытта бұл сұраққа жауап беру қиын. Менің білуімше, рейтингтік ұпайлар Бакуде, Азербайжанда өткен «Мастерс» сериясындағы турнирлерден бастап ескерілетін болады.

- Қазіргі уақытта қанша жарыстан бас тартылды?

- Азия чемпионаты, Ресейдегі (Екатеринбург), Грузия мен Түркиядағы турнирлер. Ұпайлар қалай есептелетіні шешілмеген мәселе болып тұр. Біз карантиннің аяқталуын күтеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер