Live
Спорттағы коронавирус
Командалық

«Астана» баскетбол клубының бас менеджері командадағы қазіргі жағдайды баяндады

«Астана» баскетбол клубының бас менеджері командадағы қазіргі жағдайды баяндады

«Астана» президенттік баскетбол клубының бас менеджері Валерий Тихоненко коронавируске байланысты орын алған жағдайларды түсіндіріп, командадағы қазіргі ахуалға тоқталды. 

«Біз еліміздегі коронавируспен күресу мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шараларды толығымен қолдаймыз. Сондай-ақ, чемпионаттарды тоқтату туралы ФИБА, Ұлттық баскетбол федерациясы және Біріккен ВТБ лигасының шешімімен де толық келісеміз.

Біз үшін жанкүйерлер мен ойыншылардың, бапкерлер қауымы мен клубтағы техникалық қызметкерлердің денсаулығы маңызы. Сол себепті, баршаңызды қазіргі жағдай кезінде сақ болуға және барлық алдын алу шараларын қолдануға шақырамыз. 

Бұл әлемдік деңгейдегі проблема және тек қана баскетболға емес, әлемдік спорт қауымдастықтарына салқынын тигізуде. Әлемдегі ірі халықаралық турнирлер мен түрлі саладағы көлемді іс-шаралар тоқтатылды. Біршама мемлекеттер төтенше жағдай жариялауда. Бұл әлемдік деңгейдегі мәселе, сондықтан, бәріміз бірдей күресуіміз керек», - деді Тихоненко. 

Түпнұсқасы: olympic.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0