Теннис

Ролан-Гаррос-2020 турнирі қыркүйек айына шегерілді

news-banner7
mobile-news-top

Теннистен «Үлкен дулыға» санатына енетін Ролан-Гаррос-2020 турнирі қыркүйек айына ауыстырылды.

«КОВИД-19 індеті бүкіл әлемді жайлауда. Франция теннис федерациясы Спортшылар мен ұйымдастырушылардың денсаулығын сақтау мақсатында турнирді қыркүйекке қалдыру туралы шешім қабылдады. Жарыс 2020 жылдың 20 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында өтеді. 18 мамырға дейін жағдайдың қандай болатынын ешкім дөп басып айтқан жоқ.

Десе де, қазіргі таңда енгізілген шектеулердің салдарынан біз тыңғылықты дайындық жүргізе алмаймыз. Сол себепті, жарысты өткізу мерзімін кейінге шегеруді жөн санадық. Біз қиын әрі батыл шешім қабылдадық. Біз жауапкершілікті сезінеміз және баршамыздың қауіпсіздігіміз үшін бірге жұмыс істеуіміз керек», - дейді президент Бернард Джудичелли.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер