Хоккей

«Барыс» ҚХЛ-дың плей-офф кезеңімен мәжбүрлі түрде қош айтыса ма?

«Барыс» ҚХЛ-дың плей-офф кезеңімен мәжбүрлі түрде қош айтыса ма?
news-banner7
mobile-news-top

Коронавирус індетінің салдарынан елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) осы маусымын мәжбүрлі түрде ерте аяқтауы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Онда Гагарин кубогының плей-офф матчтарындағы «Барыс» үшін кедергі болатын бірнеше тармақ бар ескерте кеткен жөн.

Мәселен, 15 сәуірге дейін Қазақстан аумағында спорттық іс-шараларға тыйым салынады, демек, «Барыс» 17 және 19 наурыз күндері ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі қарсыласы «Сибирьмен» Нұр-Сұлтанда матч өткізе алмайды.

Оған қоса, басқа тармаққа сәйкес дипломатиялық қызмет өкілдері мен халықаралық ұйымдардың делегация мүшелері ғана Қазақстанға кіріп және шыға алады. Спортшылар елден уақыта шыға алмайды, демек, елордалық команда сырт айдында матч өткізе алмайды деген сөз. Бүгінгі таңда «Барыс» хоккейшілері Нұр-Сұлтанда жаттығуларын жалғастыруда.

Айта кетейік, финляндиялық «Йокерит» коронвирус індетінің алдын-алу мақсатында ҚХЛ-дағы жолын жалғастырудан бас тартқан еді.

Жоғарыдағы кедергілерді ескерсек, «Барыс» та плей-офф кезеңінен бас тартуы мүмкін.

ҚХЛ коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

«Барыс» Гагарин кубогының ширек финалына шықты

ҚХЛ. «Барыс» плей-офф ойындарының билеттерін қайтара бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер