Кебіспаев: Әрбір адам жеке жауапкершілікті сезінсе екен

Әлемді жайлаған коронавирус індетіне байланысты қазақстандық спортшылар шетелдерде өтетін жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарынан қайта оралды. Бүгінде ел аумағында ірі спорттық жарыстар мен іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Бүгіннен бастап президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Қазақстанда Төтенше жағдай режимі жарияланды.
<span> Грек-рим күресінен Қазақстан командасының көшбасшысы Алмат Кебіспаев коронавирустың қарқын алуына қатысты пікір білдіріп, барша халықты сақ болуға шақырды. </span>
<span>"Қазір коронавирус індеті дүниежүзін теңселтіп тұр. Талай сындарлы сәттен, қиналған шақтан елдегі ауызбіршілік пен татулықтың арқасында аман шықтық. Бұл сынақтан да мұқалмай, шыңдалып шығармыз! Ең бастысы - әрқайсысымыз жеке жауапкершілікті сезінсейікші. Билік басындағылар қолға алып жатқан сақтық, алдын алу шараларына түсіністікпен қарап, барынша қолдау танытайық. "Сақтансаң ғана сақтаймын" деген тәмсілді естен шығармайықшы. Жауапкершілік - қауіпсіздік кепілі", - деп жазды Алмат желідегі парақшасында. </span><br /><br />