ММА

«Не болып кетті өзі» - Нурмагомедов Фергюсонмен болатын жекпе-жек туралы не деді

«Не болып кетті өзі» - Нурмагомедов Фергюсонмен болатын жекпе-жек туралы не деді
news-banner7
mobile-news-top

UFC ұйымының жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы, ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов коронавирус инфекциясы салдарынан америкалық Тони Фергюсонмен болатын кездесудің өтпей қалу ықтималдығы туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz файтердің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Еске сала кетелік, бүкіл әлемде коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты спорттық шаралар кейінге қалып немесе мүлде өтпей қалуы мүмкін. UFC Нурмагомедов-Фергюсондағы жекпе-жекті өткізуі ғажап емес, бірақ ол көрерменсіз өтуі мүмкін.

«Мен залдың сыртында не болып жатқанын білмеймін, маған жеткен ақпараттарға сіздер де қанықсыздар. Мен күні бойы залдамын, дайындалып жүрмін, алайда алдағы уақытта не болатынын ешкім білмейді», - деп жазды жаттығу кезінде түскен фотосуреттерді әлеуметтік желіге жариялап.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер