Қазақ күресі

Qazaq kuresi спортынан абсолютті әлем чемпионы допингпен ұсалды

Qazaq kuresi спортынан абсолютті әлем чемпионы допингпен ұсалды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік Роман Бобиковтың допинг сынамасы оң нәтиже көрсетіп, Qazaq күресіндегі абсолютті әлем чемпионаты мәртебесінен айырылды. Тверьлік балуан бұл атақты 2019 жылдың желтоқсанында Алматыда өткен «Әлем Барысы» турнирінде жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бобиковтың сынамасынан 2010 жылдан бастап тыйым салынған метилхекаминамин стимуляторы табылды. Ол 2019 жылғы «Әлем Барысы-2019» финалында ресейлік алдыңғы екі турнирдің жеңімпазы, қазақстандық палуан Айбек Нұғымаровты жеңді.

Бобиков екі жылға шеттетілді, сондай-ақ өткен жылы Ақтөбеде өткен Qazaq kuresi әлем чемпионатының күміс медалінен айырылды.

Бобиков «Әлем Барысы-2019» жеңісі үшін 10 миллион теңге алған еді. Орыс балуаны бұл жүлделерден айырылып, чемпиондық белдікті қайтаруға міндеттелді.

30 жастағы Бобиков 2019 жылға дейін алған барлық атақтар мен марапаттарды сақтап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер