Қазақстандық гимнасттар Бакудегі әлем кубогы кезеңінің финалына жолдама алды

Бакуде спорттық гимнастикадан лицензиялық әлем кубогі кезеңінің бірінші жарыс күні аяқталды. Бірінші күн қорытындысы бойынша қазақстандықтар финалда сынға түседі.
<span> Еркін жаттығуда Қазақстан атынан Милад Карими мен Дмитрий Патанин бақ сынады. Іріктеу кезінде олар тиісінше үшінші және алтыншы орын алып, финалға өтті. </span>
<span>Сондай-ақ, Карими қоссырықта жаттығудан ақтық сынға жолдама алды. Іріктеу кезеңінде ол жетінші орыннан көрінген. </span>
<span>Патанин шығыршықтағы жаттығуды 23-ші орынмен аяқтаса, Фарух Набиев қоссырықта 16-шы орынға тұрақтады. </span>
<span>13 наурыз күні гимнастикалық ат, гимнастикалық кермедегі жаттығу және қол тіреп секіруден іріктеу айналымы өтеді. Финал 14 наурызға жоспарланған. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или