Басқа

Жасталап Санауов: Зальцбургте каратешілер өздеріне берілген тапсырманы сәтті орындады

Жасталап Санауов: Зальцбургте каратешілер өздеріне берілген тапсырманы сәтті орындады
news-banner7
mobile-news-top

Австрияның Зальцбург қаласында қазақстандық каратешілер Karate 1 Премьер-лигасына қатысты. Жасталап Санауов баптайтын құрама елге 4 қоламен оралды. Осыған орай, команда бас бапкері Olympic.kz сайтына жарысты қорытындылап, спортшылардың көрсеткішіне баға берді.

"Олимпиада ойындары жақындаған сайын жолдама үшін талас қыза түсуде. Зальцбургтегі жарыс атмосферасы ерекше. Спортшылар да, көрермендер де тартысты кездесудің куәсі болды. Әсіресе, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар көрермендерді өзіне ерекше тартады. Қазақстан құрамасы аталған жарысқа барын салып дайындалып, нәтижесінде 4 қола медальға қол жеткізді. Атап айтатын болсақ, 60 келіге дейінгі спортшылар жоғарыда айтылғандай көрермен көзайымына айналып үлгерді. Десе де, олар финалға жолдама ала алмады. Бірақ, спортшыларымыздың әрқайссы өздеріне қойылған тапсырманы бұлжытпай орындап шықты. Еркінбек Байтөреев өзбекстандық Сайматовпен кездесті. Ол біздің бұрыннан келе жатқан тұрақты қарсыласымыз еді. Өз кезегінде отандасымыз оны жеңіп кетті. Оның кіші финалдағы әрекетті көпті тағы таңқалдырды. Ол қола жүлде үшін кездесуге шықпай, командаласы Дархан Асаділовке жол берді. Осылайша, Дархан командаласының арқасында олимпиадалық рейтингте өз позициясын сақтап қалды.

Енді алда Мароккода өтетін рейтингтік турнир бар. Одан кейін біз Парижде өтетін іріктеу жарысына дайындаламыз", - дейді команда бас бапкері Жасталап Санауов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер