Дзюдо

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында үшінші орын алды

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында үшінші орын алды
news-banner7
mobile-news-top

29 ақпан мен 1 наурыз күндері Түркияның Анталия қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогі өтті. Екі күнге созылған жарыста Қазақстан жасөспірімдер командасы 1 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Анталия татамиіне әлемнің 16 елінен 515 дзюдошы жиналды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы медаль кестесінде 3-ші орынға жайғасты.

60 келіге дейінгі салмақта Мерей Марханбетов қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Олжас Еренғайбов (60 кг), Нұрайлым Сәрсенбек (40 кг), Аружан Ережепова (52 кг) мен Шапағат Дәулет (57 кг) күміске қол жеткізді. Ал Олжас Құмар (55 кг), Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг) пен Әділ Абдуахатов (73 кг) қола жүлдені Қазақстан қоржынына салды.

Айта кетерлігі, аталған жарыс жасөспірімдер құрамасының жаңа маусымдағы алғашқы жарысы болды. Жарысқа 2003-2005 жылғы жасөспірім дзюдошылар қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер