Қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу жұмыстары басталды

Қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу жұмыстары басталды

<span>Елордада Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы және Республикалық қазақ күресі федерациясының бірлескен конгресінде сала мамандарының қолдауымен Qazaq kuresi қауымдастығы құрылды. Қауымдастықтың президенті қызметіне Кәрім Мәсімов сайланды. </span>

<span>«Бүгін біз қазақ күресі тарихының жаңа парағын ашу үшін жиналып отырмыз. Осы кезге дейін Қазақстанда Қазақша күрес федерациясы құрылған болатын. Елімізде республикалық жарыстар, халықаралық кездесулер өткізілуде. Біз қазақ күресін Олимпиада қатарына кіргізуді мақсат етіп отырмыз, сол себепті Қазақстан барысы, Қазақша күрес ұйымдарын біріктіретін Qazaq kuresi ассоциация құрылды», - дейді Кәрім Мәсімов. Ол бүгінгі таңда қазақ күресінің деңгейі өте жоғары деп бағалауға болатынын айтты.</span>

<span> «Елі ішіндегі чемпионаттар мен турнирлердің деңгейі жалпы халықтың қызығушылығын арттырып келеді. Сондай-ақ, ұлттық күрестің бейнесі әлемдік деңгейде қалыптасып үлгерді. Азия, Еуропа, әлем чемпионаттары тұрақты түрде өткізілуде. Осы ретте республикалық федерация тарапынан қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу жұмыстары басталды. Алдағы оқу жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 мектепте вариативті негізде енгізіледі. Қазақ күресінің еліміздегі білім саласына енуін Қазақ күресі академиясы жүзеге асыратын болатын. Бұл ұлттық күрестің бағындырған бір белесі», - деді Кәрім Мәсімов.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или